{metadescription}
Алматы тұрғындарын  «телефон лаңкесі» тағы  дүрліктірді
Алматы тұрғындарын  «телефон лаңкесі» тағы  дүрліктірді

Алматы тұрғындарын «телефон лаңкесі» тағы дүрліктірді

Бұл жолы Алматы қалалық әділет басқармасының ғимаратына «жарылғыш заты қойылды» деп белгісіз біреу полицияға қоңырау шалған.

Қанат Базарбаев Алматы қаласы әділет департаменті басшысының орынбасары:

-Сағат он шамасында суыт хабарды естіп, далаға шықтық. Іле-шала құтқарушылар мен тәртіп сақшылары келді. Ғимарат маңайын қоршап тастады.Қызметкерлер қазір жұмыс істеп жатыр.

Құтқару қызметі әділет  басқармасының 100-ден астам қызметкерін қауіпсіз орынға көшірген. Ал, иісшіл ит жетектеген саперлар ғимарат ішін бір сағаттай тінтіп, айтылған бомбаны ақыры таппады. Жалған ақпар таратқан бұзақы қазір іздестіріліп жатыр. «Ғимаратқа жарылғыш бомба қойылды» - деп қоңырау шалу қазір Алматыда белең алып барады. Тіпті, кеше бір уақытта "Кенжехан" базары мен қала мейрамханаларының біріне осындай суыт хабар жеткен-ді. Тексере келе ақпараттың жалған екені анықталған. Ерікккендердің ермегенінен әбден ығыр болған құзырлы органдар телефон лаңкестеріне ірі көлемде айыппұл салып, қатаң жазалаймыз деп отыр. Алайда, олардың қатары күн санап артып барады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде