Табиғаттағы тосын жағдай: Алматы облысында тау көше бастады
Ол сәт сайын жылжып, әйгілі Көлсай көліне баратын жолды жабуға сәл қалған. Бұл құбылысты куәгерлер видеоға түсіріп алған. Айтуларынша, тау 1 минутта 20 сантиметрге дейін ығысып жатыр екен. Оқиға орнына төтенше жағдай қызметкерлері дереу жетіп, қауіптің алдын алуға кірісіпті. Яғни, Көлсайға барар жол жабылып, қозғалыс тоқтатылған. Тау массасы жақын жердегі малшының үйін де басып қала жаздады. Қазір ондағы тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілген. Оқиға орнында құтқарушылар жүргенімен, әзірге нақты ақпарат таратылмай жатыр.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
20.04.2018
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!