Қазақстандағы ең талантты IT инженерлер анықталды
«Смарт жолы» бағдарламасы бойынша жас мамандардың жеке жобасы сайысқа түсіп, жүйрік шыққандары шетелге жолдама алды.
Автор: Жәудір Оразхан
20.04.2018
Сингапурлық сарапшылар еліміз бойынша өтініш түсірген мыңнан астам үміткерден 20 команда жасақтаған. Сөйтіп, 6 жобаны таңдапты. Жеңіп шыққан инженерлер биыл жазда Сингапурда өтетін технологиялық конференцияға қатысады. Кейін ол жобаларды жүзеге асыру үшін қаржы бөлінеді де, нарыққа жол тартады. Ал авторға шетелдік мамандар кеңес беріп, бағыт көрсетіп отырады. Негізі, «Смарт жол» былтыр ашылған. Бағдарламаға алдымен Астана, Алматы, Қарағанды және Павлодардан үміткерлер қатысты. Биыл бүкіл республикаға тараған. Бұл игілікті істі Тұңғыш Президент қоры да демеп келеді.
Сұлтан Айтжанов, Тұңғыш Президент қоры атқарушы директорының орынбасары:
-Бұл жобаның мақсаты –еліміздің жас-жас IT саласындағы мамандарымызды қолдау. Оларға стартап жүйесінде, бағытын нағыз қалай өткізу керек екенін, қай жаққа бағыттандыру керек екенін бағыттарын көрсетіп жатырмыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!