Сақтан: Солтүстік тұрғындарына ескерту жарияланды
Солтүстік Қазақстанның кей жерлерін бүгін-ертең қызыл су басуы мүмкін. Осыған байланысты мамандар қазір тұрғындарға ескерту жасап жатыр. Ауыл-аймақты жалғайтын көпірлердің бірін қазірдің өзінде су шайып кетті. Тасқын Петропавлға да таяп қалды дейді құтқарушылар.
Автор: Гүлмира Тасболатқызы
20.04.2018
Синоптиктердің де болжамы көңіл көншітпейді. Алдағы күндері түсетін жауын-шашын жағдайды ушықтыруы мүмкін екен. Шаһар сыртындағы саяжайларды бұл жолы да су басқалы тұр. Ал елді мекендерге биыл су кірмеуі мүмкін деген болжам бар. Яғни былтырғы тасқыннан әлі есін жимаған жұрттың бар үміті – ауыл-аймақтарға айнала тұрғызылған бөгеттерде.
Евгений Журавлев, СҚО ТЖД баспасөз хатшысы:
-Қазір су басуы мүмкін деген ауыл тұрғындарына ескерту қағаздарын таратып жатырмыз. Жағдайды түсіндіріп, рейд ұйымдастырдық. Су астында қалады деген жерлерге бекеттер қойдық. Алдағы екі үш күнде Есіл өзені ең жоғары деңгейге дейін көтеріледі деп отырмыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!