Тау мен тау кездеседі: Алматы облысында Көлсай тауларының көшу себебі белгілі болды
Ол бірнеше күннен бергі жауын мен жиі болатын зілзала салдарынан қозғала бастапты. Жоталар кешеден бері тоқтаусыз жылжып, бүгін Ұлттық паркке баратын жолды басып қалды.
Автор: Нүргүл Нұрланқызы
20.04.2018
-Көрдіңіздер ме, бері қарай көшіп жатыр. Ар жағы опырылып жатыр, жартысы жоқ.
Жұртты шошытқан сырғыманың ұзындығы 1 жарым шақырымға дейін жетеді. Ал, биіктігі 50 метрдей. Сондықтан, тау көшуін мамандардың күшпен тоқтата алмасы анық. Ол Саты өзеніне қарай бағыт алған. Сырғыма сағатына 3 метрге жылжып келе жатыр. Ол әйгілі Көлсайға баратын жолды жауып тастаған соң, бүгін қозғалыс тоқтады. Қазір көшкін жолдың 400 метрін және 4 электр бағанын басып қалыпты. Сондықтан, Көлсай көлдеріндегі демалыс орындары жарықтан қағылған. Сондай-ақ, бүтін бір ауыл аралда қалғандай еш жерге шыға алмай отыр. Тау массасы жақын жердегі малшының үйін де басып қала жаздапты. Әйтеуір, ондағы тұрғындар дер кезінде қауіпсіз жерге көшіріліп үлгерді. Адам шығыны жоқ. Қазір Райымбек ауданының шенеуніктері де, құтқарушылар да тайлы-тұяғымен оқиға орнында жүр. Ал, қауіптің әзір сейілетін түрі жоқ.
АЙДОС САПАРБАЕВ, «ҚАЗСЕЛДЕНҚОРҒАУ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ БАС ИНЖЕНЕРІ:
-2018 жылдың басынан бастап Алматы облысында 6 жер сілкінісі тіркелді. Соның әсері және жауын-шашынның әсері деп отырмыз. Қазіргі күнде сырғыма әлі тоқтаған жоқ. Сырғыма қаупі шектелгенше жол жабық тұрады. Қазір ол жерде кезекшілік ұйымдастырылған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары