Алматыда студенттерден инновациялық бизнес-жоспарларды қабылдау басталды
23.04.2018
Ең үздік идея авторына Тұңғыш президент қорынан 1 млн теңге табысталады.
Жанар Темірбекова, Еуразия Технологиялық Университетінің ректоры:
-Бүгінгі іс-шара, шығармашылық потенциалды дамыту, ғылым мен техникаға баулу сияқты мақсат көздеп отыр. Бес өңірден 40тан астам студенттер келіп отыр, 8 команда қатысты.
Ғылыми «Жас толқын» олимпиадасы елімізде осымен төртінші рет ұйымдастырылуда. Студенттер ұсынған жобалар түрі сан-алуан. Гүл сататын автоматтар, ерекше қағаз стакандар, инновациялық ауа тазартқыштарға дейін бар. Екі күндік сайысқа Алматы, Астана, Павлодар, Ақтөбе мен Шығыс Қазақстанның жас ғалымдары қатысты. Ал үздік ғылыми жобаға қордан бір миллион теңге грант табысталды.
Әсел Бейсенбаева, 4 курс студенті:
-Жастар болғаннан кейін бізге көп идеялар ойымызға келеді және оны жүзеге асыру үшін қаржы жағдайы жеткіліксіз болады. Сол себепті осы қордың жастарға беретін мүмкіндерін қолдану біз үшін өте маңызды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!