{metadescription}
0:000:00
Алматы облысында лас су ішіп отырған жұрт шу шығарды

Алматы облысында лас су ішіп отырған жұрт шу шығарды

Алматы облысында аудан орталығының тұрғындары сапасыз тіршілік нәрін тұтынуға мәжбүр. Жансүгіров кенті тұрғындарының айтуынша, үйлерінен аққан су топыраққа, тіпті ұсақ жәндіктерге толы екен. Онсыз да күніне бір мезгіл ғана берілетін лас суды жұрт сүзіп пайдаланудан басқа амал таппай отыр. Ал жергілікті атқамінерлер бюджеттен ақша бөлінбейінше, жағдай осылай жалғаса береді деп жайбарақат отыр.

9 мыңға жуық халқы бар Жансүгіров кентінің тұрғындары қаншама табалдарықты тоздырғанымен, әлі күнге дейін ауыз суға жарымай отыр. Олардың айтуынша, краннан үздіксіз ағып тұруы тиіс тіршілік нәрі күндіз мүлдем болмайды екен. Ал бір мезгіл аққан кездің өзінде оны ішу мүмкін емес. Жағымсыз иісі былай тұрсын, ауыз судың ішінде түрлі жәндіктер қалқып жүреді.

Гүлсанат Әбдіғалымова, Жансүгіров кентінің тұрғыны:

-Құмнан басқа әлгі ұсақ-ұсақ балықтар. Қап-қара қара су ағып жатыр. Сөйлестік  әлгі басшы-сымақтармен. Ал олар бізге дұрыс жауап бермейді. Адамсың ба, кімсің бе деп жатқан жоқ.

Сапасыз суды күнделікті қолданатын ауылдықтар енді өз денсаулықтары үшін алаңдаулы. Айтуларынша, олар кез-келген сәтте қауіпті індетті жұқтырып, соңы өкінішті аяқтаулы мүмкін. Ал жұрттың бұл үрейін басу үшін аудан атқамінерлері судан сынама алып, зертханаға жіберген.

Берік Темірханов, Ақсу аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Аудандық прокуратураның талабы бар, қайтадан су алынған. Судың анализі су құбырынан алынды. Қазір жұмыс үстінде. Енді әлгі жоспардан тыс тексеріс ашылды Тексеру барысы енді жүргізіледі.

Ал жергілікті су арнасындағылар тұрғындардың лас суды ішіп отырғанын біледі. Олардың айтуынша, кент жұртының көбі қараусыз қалған ескі су құбырына өздері қосылып алған.

Мұратхан Нұрғожанов, «Ақсу су құбыры» МКК директоры:

-Ешқандай жоба бойынша су жүйесі жүргізілмеген. Ол бір үй салынады, бір үйден екінші үйге, екінші үйден үшіншіге өздері су тартып алған. Ол жерге біздің құзыретіміз жүрмейді үйіне кіріп, жаңағы суды өшіруге.

Десе де, коммуналшылар мұны бақылауға алуға дайынбыз дейді. Бірақ бұл үшін облыстық бюджеттен 41 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінсе деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде