{metadescription}
Астанадағы қола баланы қолды қылғандар ұсталды
Ашаршылық құрбандарына арналған монументінттегі мүсінді қарақшылар металл қабылдайтын орталыққа өткізіп жіберіпті. Полицейлер ескерткішті темір-терсектің арасынан тапқан. Қазір күдіктілер уақытша ұстау абақтысында отыр. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Белгісіз біреулер қола баланы былтыр жазда да ұрлап әкеткен еді. Ол кезде сақшылар ұрыларды ұстай алмады. Сондықтан, мүсіннің авторы Валерий Пирожков ескерткішті қайта құйып,орнатқан. Енді қарақшылар биыл тағы жұлып алыпты.
Автор: Жәудір Оразхан
23.04.2018
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!