«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша берілетін ипотека тоқтатылады
«7-20-25» жобасының қабылдануына байланысты оның енді керегі болмай қалған.
Автор: Асқарбек Қазанғап
23.04.2018
Дегенмен Инвестициялар және даму министрлігі осыған дейін ипотека алғандардың алдындағы барлық міндеттер орындалады деп сендіріп отыр. Яғни, субсидия толық көлемде бөлінеді. «Нұрлы жер» бағдарламасы іске қосылғаннан бері 10 пайызбен ипотека алуға қазақстандықтардан 2689 өтініш түсіп, оның 2621 і мақұлданған. Ал, екінші жарты жылдықтан бастап іске қосылатын бағдарлама бойынша жұрт 25 жылға 7 пайызбен баспана ала алады. Алдын ала төлемі "Нұрлы жердікіндей" 30 емес, 20 пайызды құрайды. Бұл бастамаға Ұлттық банк 1 трлн теңге құймақ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!