{metadescription}
0:000:00
​Көлсайда қауіп әлі  сейілген жоқ

​Көлсайда қауіп әлі сейілген жоқ

Топырақ көшкіні Көлсай өзені аңғарын жауып тастаса, осы аймақты су басуы ықтимал.  Мамандар соңғы 50 жылда Қазақстанда мұндай болмаған дейді.

Юрий Ильин ҚР ІІМ вице -министрі:

-Тау топырағы өзеннің арнасын жауып тастауы мүмкін. Ал өзен суы басқа жолдармен ағуы да ықтимал. Содан топырақ массасы өзен суымен шайылады. Біз су өткізуді эвакуациялық канал арқылы қамтамасыз етсек дейміз. Бұл орайда жарылыс жұмыстары қолданылуы мүмкін.

Қазір оқиға орнында жергілікті билік өкілдері, күштік құрылымдар мен құтқарушылар жүр. Олар тау бөктерлерін жан-жақты зерттеп,  апаттың алдын алуға тырысуда. Қазірдің өзінде опырылған жердің ұзындығы 1700 метр, ені  900 метрге дейін жеткен. Тау топырағы Көлсай өзенінің аңғарына қарай жылжып келеді. Бүгінде оқиға орнында тəулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Төменгі Көлсай көлдеріне апаратын жолдар жабылды. Тау массасының қозғалысы сағат сайын бақыланып, оқиға орнына қажетті техникалар жұмылдырылды. Еске салсақ, 19 сәуірде Алматы облысына қарасты Кеген ауданы, Саты ауылында таудың жылжып, сол маңдағы малшының үйін басып қала жаздаған. Алайда, ондағы тұрғындар дер кезінде қауіпсіз жерге көшірілді. Сырғыма бірнеше электр бағанын басып, Көлсайдағы демалыс орындары жарықтан қағылған еді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде