Қуандық Бишімбаев абақтыда араб тілін үйреніп жатыр
Мемлекет қаржысын жымқырғаны үшін 14 жылға сотталған Қуандық Бишімбаевтың туыстары осындай ақпар таратты.
Автор: Ербол Тұрымбет
23.04.2018
Бұрынғы Ұлттық экономика министрі ауыр жазаға тартылғанына қарамастан, әлемдегі күрделі деген екі тілді үйренуге шындап кіріскен. Арнайы кітаптар алдырып, құлшына оқып жатыр екен. Тек қытайшасы қиындау. Өйткені, тергеу изоляторында үйрететін адам жоқ. Дереккөзге сүйенсек, экс-шенеунік бостандыққа шыққанда түрме өмірін көріп шыққан емес, өмірдің жаңа белесін бағындырған адам ретінде көрінгісі келеді. Үкімге шағым түсірген Бишімбаев әзірге изоляторда отырғанын айта кетейік.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!