{metadescription}
Елімізде жұрт шипажайға не үшін барады?
Елімізде жұрт шипажайға не үшін барады?

Елімізде жұрт шипажайға не үшін барады?

Ем алу үшін емес, демалу үшін барады. Елімізде жылына 300 мыңнан аса адам шипажайларға барса, солардың көпшілігі емделудің орнына, қарын тойғызып, тынығып қайтуға ғана әуес. Өйткені, шипажайларға насихат жетіспей жатыр дейді Астанада бас қосқан сауықтыру орындарының өкілдері.

Статистикаға сүйенсек, елімізде қан айналымы, ас қорыту жүйелері мен тыныс алу жолдары аурулары көбейген. Сондай-ақ, сүйек-бұлшық ет және зәр шығару жолдары дерті да белең алған. Ал шипажайларда жатып шыққан адамдарда аурушаңдық 2-3 есе азаяды екен. Ұйымдастырушылардың айтуынша, елімізде 160-тан аса сауықтыру орындары бар. Бірақ, оларды қалың жұртқа насихаттап отыратын ортақ үйлестіруші жоқ. Сондықтан, шара ұйымдастырушылары курорттық нысандардың ел арасындағы насихатын арттыруды көздейді. Екінші жағынан, шипажайлардың да халықаралық талаптарға сай болуы талап етілмек.

Ажар Төлеғалиева, ҚР Президенті іс басқармасы медициналық орталығы басшысының орынбасары:

- Медициналық көмек көрсету үшін толық лицензиясы болуы, сонымен қатар, ол жердегі технологиялардың, емдік тәсілдердің бүгінгі стандарттарға сәкес келуі жөнінде мәселе көтердік.  Сонымен бірге, халықаралық стандарттарға сәйкестендіріп жұмыс істеуін талап етеміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде