{metadescription}
​Петропавлда екі қабатты үйдің қабырғасы опырылып түсті
​Петропавлда екі қабатты үйдің қабырғасы опырылып түсті

​Петропавлда екі қабатты үйдің қабырғасы опырылып түсті

Адамдар аман қалды. Қазір онда тұрып жатқан үш отбасы уақытша баспанаға жайғастырылған. Дүние-мүлкінен бір күнде айырылып,  далада қалған жұрттың мәселесін шенеуніктер бір ай ішінде шешуге уәде беріп отыр.

Қала әкімін түтіп жеп қоя жаздап тұрған мына жұрт бір сәтте-ақ бар жиған-тергенімізден айырылдық деп зар жылайды. Оқиға демалыс күні таңертең болған. Үйлерінде жайбарақат отырған жұрт гүрс еткен дауысты естіп шошып кетіпті. Құлаған қабырғаны көріп естерінен тана жазадаған олар құжаттары мен бала-шағасын алып далаға атып шыққан.

Максим Малыгин, Петропавл қаласының тұрғыны:

-Бірден 112 қызметіне телефон шалып, көршілерге жүгірдім. Төтенше қызмет өкілдері жеткенше, қолға ұстайтын дүниемді  осы жердегі гаражға тасыдым. Тәртіп сақшылары тез келіп, бізді үйге қауіпті деп кіргізбей қойды.

Бұл үй 64 жыл бұрын теміржолшыларға арнап салынған екен. Қабырғасы шлактан қаланған  8 пәтерлік баспананы осы күнге дейін  3 отбасы күнелтіп келіпті. Абырой болғанда, бәрі дін аман. Қалғандары  2015 жылы үй  апатты деп танылағанда- ақ өзге жерге  көшіп кеткен екен.   

-   Қазір  бұл үйді тәртіп сақшылары күні-түні күзетіп жүр. Ішке кіруге  болмайды, өте қауіпті. Кірпіштер әлі де оқтын-оқтын түсіп жатыр екен.

Далада қалған  үш отбасына  әкімдік баспана жалдап беріпті. Яғни оның ақысы бюджет есебінен төленіп отыр. Екі отбасы баспанасы апатты деп танылғандар кезегінде тұр. Ал Анна Рыжова әжесінен мұраға қалған дүниені әлі заңдастырмапты.

Анна Рыжкова, Петропавл қаласының тұрғыны:

-Жалғыз өзім кәрі әжем мен жас баламды күттім. Құжаттарды рәсімдеп үлгермеген едім. Әжем қайтыс болды. Енді заң бойынша бұл үйдің иесі жоқ болып саналады. Ал менің жағдайымның қалай  боларын кім білсін.
 

Шенеуніктер бұл үш отбасының жағдайын арнайы комиссияда жеке жеке  шешеміз деп отыр. Шаһардың тұрғын үй қорында бос пәтерлер жоғын алға тартқан олар алдағы бір айда бұл тұрғыда бір тоқтамға келетінін айтты. 

Евгений Глотов, Петропавл қаласы әкімінің орынбасары:

-Қазір қалада бос тұрған бір де бір пәтер жоқ. Тұрғынүй комиссиясының отырысын өткіземіз.Оның қорытындысы бойынша бір ай ішінде шешім қабылданады. Жаңадан салынып жатқан үйлерден баспана қарастырамыз, болмаса бюджеттен ақша бөліп, оларға пәтер  сатып әпереміз.  
 

Қазір Петропавлда апатты деп танылған 19 көпқабатты үйде 200-ге жуық адам тұрып жатыр екен. Қалада осындай баспаналарға қатысты арнайы бағдарлама қабылданса да, бюжеттен қаржы бөлініп,  дәл осы санат  бойынша кезекте тұрғандарға бүгінге дейін бір де бір үй салынбапты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде