Көкшетауда келіншегін өлтірген азаматқа үкім шықты
Көкшетауда әйелін көлігімен әдейі қағып өлтірген 30 жастағы азамат 11 жылға сотталды. Марқұм Анастасия Бойкованың артында кәмелет жасына толмаған ұлы қалған еді.
24.04.2018
Желтоқсан айында Аркадий Горькавый комбинатта бас есепші болып істейтін 37 жастағы әйелін сол кәсіпорын алдында БМВ Х5-пен қабырғаға жаншыған. Сұмдық оқиғаны сол жердегі жұмысшылар көріпті. Ал Аркадий осыдан 6 жыл бұрын тәртіп сақшыларына қарсылық білдіргені үшін жауапқа тартылған екен. Сондай-ақ, полиция бұл азаматқа Бойкованың өтінішімен оған жоламау туралы екі рет ескерту жіберген. Өйткені өзі бөлек тұрып жатса да, азаматтық некедегі әйелін кім көрінгеннен қызғанып, талай соққыға жығыпты. Енді Горькавый 11 жылын қауіпсіздігі аса жоғары түрмеде өткізетін болды. Сондай-ақ, зардап шегуші тарапқа 3 миллион теңге моральдық шығын өтесін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!