Елімізде «мектеп бітіру кеші» барлық түлектер үшін бір күнде өтеді
Яғни, 15-ші маусымда. Бұған дейін ҰБТ-ны тапсырған ұл-қыздар қалаған уақытында қоштасу балын өткізетін.
Автор: Досжан Маратұлы
24.04.2018
Енді биыл Білім министрлігі осындай ортақ тәртіп енгізіп отыр. Бірақ, түлектердің әзірге бітіру кеші туралы ойлайтын шамасы жоқ. Өйткені, ұл-қыздар 11 жыл бойы алған білімдерін дәлелдеу үшін басты сынақ, ҰБТ-ға дайындалып жатыр. Оған небары бір жарым ай уақыт қалды. Әрі айта кетерлігі биыл мектеппен қоштасу Астананың 20 жылдығы қарсаңында болады. Сондықтан түлектер бітіру кешінде Елорда жайлы ән айтып, өлең оқуы керек екен. Бірақ, министрлік бұған ешкімді мәжбүрлемейміз дейді.
ҚАЛКЕН ЖАХИН, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
-Біздің ұсыныс ретінде айтылған. Сол себептен әр мектеп, осы тұжырымдамаға өз үлестерін қоса алады. Оны мектептің ұжымы, солар өздері шешеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!