Ақмола облысында марихуана шеккен лауазымды шенеунік жұмыстан қуылды
Ақмола облысында марихуана шегіп алып, қызметтік көлік жүргізгені үшін ұсталған Жақсы ауданының бас сәулетшісі бүгін қызметінен кетті. Ол құрылыс және сәулет бөлімін 8 ай ғана басқарған екен.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
24.04.2018
Жол полицейлері Қанат Аханбаевты наурыздың 23-і күні қызметтік көлігімен келе жатқанда тоқтатқан. Өзін біртүрлі ұстаған шенеунікті сот-медициналық сараптамаға жіберіпті. Сөйтіп, оның қанынан есірткі анықталған. 29 жастағы сәулетші Жақсы ауданында бұған дейін коммуналдық шаруашылықты басқарған. 3 жыл мемлекеттік қызмет атқарған Аханбаевтың бұл ісін Ақмола облыстық Тәртіптік кеңесі қарап, оны қызметінен кетіру туралы аудан әкіміне ұсыныс жасады. Көлік жүргізу куәлігінен 3 жылға айырылған азамат жылы орнымен де осылай қош айтысты.
Қанат Аханбаев, Жақсы аудандық құрылыс және сәулет бөлімінің бұрынғы басшысы:
-Жасаған әрекетім үшін өкінемін. Есірткіні өмірімде бірінші рет татып көріп едім. Астанадан достарым алып келген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!