{metadescription}
Алматыда қарыздарына өсімақы қосылған жұрт шу шығарды
Алматыда қарыздарына өсімақы қосылған жұрт шу шығарды

Алматыда қарыздарына өсімақы қосылған жұрт шу шығарды

Алматыда бір топ тұрғын пәтер иелері кооперативі халықты қанаушы мекемеге айналды деп шағымданды. Олардың айтуынша, көпқабатты тұрғын үйді күрделі жөндеу үшін төленетін қарыздарына өсімақы қосылған. Қазір қарызымыздан өсімақының көлемі көбейіп кетті деген тұрғындар, сотқа да жүгінген екен. Бірақ, соттан жеңіліс тауып, бекітілген ереже бойынша күніне 0,2 пайыз үстемеақы төлеуге міндетіліпті. Ал, ашуға мінген тұрғындар, қарызға қосақталған өсімақыны заңсыз деп отыр.

Пәтер иелері кооперативінің жұмысына көңілі толмаған тұрғындар, бұдан әрі қорлыққа көнбейміз дейді. Олардың айтуынша, құмға сіңгендей соңы көрінбейтін күрделі жөндеуге берілетін қарыздарына үнемі үстемақы қосылып келген. Яғни, талап бойынша күніге 0,2 пайыз өсімақы төлеуге міндеттелген.

Болат Мұратов, Алматы қаласының тұрғыны:

- 419 мыңға келіп тұр. Біздің қарызымыз 201 мың теңге. Ал, оған қосылған пениясы 217 мың теңге.

Галина Шестакова, Алматы қаласының тұрғыны:

-Шатырдың бір бөлігін жөндеген, соны 7 миллион теңгеге бағалапты. Ай сайын күрделі жөндеудің қарызын төле деген түбіртек келеді. Онда менен 98 мың теңге үстемақы  талап еткен. Ал, зейнетақым бар-жоғы 49 мың теңге. Үш күннің ішінде қалай төлеуім керек?..

Қарыз жағадан алғанда етектен тартқан өсімақыдан қажыған тұрғындар, пәтер иелері кооперативі заңды белшесінен басқанын айтады.  Тіпті, шыдамдары таусылып сотқа да жүгінген екен.

Людмила Ионова, Алматы қаласының тұрғыны:

-Ешқандай жиналыс болған жоқ. Алдын-ала ескерту шаралары да жасалмады. Сотта бізге 1998 жылы қабылданған ішкі ережені көрсетті. Соған сәйкес біз күніне 0,2 пайыз өсімақы төлеуіміз қажет екен. Сондықтан жеңіліс таптық. Бірақ, ондай ереже барын ешкім білмейді.

Алайда, пәтер иелері кооперативінің төрайымы, заңды аттап өткен кезім жоқ дейді. Ал, елді дүрліктірген кейбір тұрғынды жала жапқаны үшін сотқа тартамын деп, жиналғандарға доқ көрсетті.

Галина Берестова, «Север» ПИК төрайымы:

-Өсімақыға келсек, 1998 жылы емес, керісінше 2014 қабылданған ішкі ереже бар. Қағаз жүзінде бәрі заңды. Тұрғындардың өздері қолдаған. Сол хаттамаға орай үстемақы төлеуі тиіс.

Тұрғындар мен пәтер иелері кооперативінің арасындағы дауға қашан нүкте қойылатыны белгісіз. Себебі, істі аяғына жеткізбей тынбаймыз деген тұрғындар, құзырлы орындарға тағы шағым түсіреміз дейді. Бірақ, әзірге олар бекітілген ереже бойынша өсімақы төлеуге міндетті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде