Көлсайдағы көшкін кәсіпкерлерді тақырға отырғызып жатыр
Жолды жапқан таудың кесірінен Ұлттық парктегі демалыс орындары мен туроператорлар қыруар пайдадан қағылған.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
25.04.2018
Артем Чай, туристік компания директоры:
-Тау көшкінінің кесірінен, Көлсай көліне саяхат жаздың ортасына дейін тоқтатылады деген болжам бар. 03.24 Ондағы демалыс орындары да, біз де осы маусымға қатты дайындалғанбыз. Енді бұл жағдай бәрімізге үлкен шығын болып отыр.
Негізі, көрікті Көлсайға саяхаттаушылар қатары дәл осы кезде көбейеді. Туризм саласындағы кәсіпкерлер, әсіресе, мамырдағы мерекелерге сақадай сай отырған. Тауы көшкен Көлсай шетелдіктердің де, отандастарымыздың да ең көп баратын жері. Себебі, ол Алматыдан қатты алыс емес. Әрі бағасы да қолжетімді екен. Былтыр дәл осы кезде бір туроператордың өзі Көлсай көліне аптасына 200 адамға дейін апаратын. Пайдадан қағылған кәсіпкерлер енді демалушылар үшін басқа балама іздеуде. Алайда, өзге жерлердің инфрақұрылымы Көлсайдағыдай дамымаған. Ал, Ұлттық парктегі көлемі 50 миллион текше метрлік көшкін әзірге тоқтап тұр дейді мамандар. Десе де, жартысы құлаған тауда жарықтар пайда болған. Әрі оның кез-келген сәтте опырылу қаупі бар. Сондықтан, аумаққа ешкім жіберілмейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!