{metadescription}
Сағадиев медициналық университеттен қуылған студенттер жайлы пікір білдірді
Сағадиев медициналық университеттен қуылған студенттер жайлы пікір білдірді

Сағадиев медициналық университеттен қуылған студенттер жайлы пікір білдірді

Жүзден аса студенті жалған құжатпен оқуға түскен "Астана" медициналық университетінен кейін еліміздің бүкіл жоғары оқу орындары тексерілетін болды. Ал өтірігі ашылған 117 студент түгел оқудан шығарылады.

Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі:

-Регламент бойынша сол студенттерді оқудан шығарып тастау, ең алдымен босату керек. Әрі қарай Денсаулық сақтау министрлігімен, сол университетпен отырып ақылдасып, сол балалардың жағдайын ойлайтын боламыз.

Білім және ғылым министрлігі тексеруді былтыр жүргізген. Анықтай келсе, ағылшын тілінен тест тапсырып, «айлтс» сертификатын иеленген 117 студенттің құжаты өтірік боп шығыпты. Барлығы да грантта оқитындар. Бірақ, білім алушылардың бір тобы мұнымен келіспей, сотқа шағымданып жатыр. Өйткені, олар енді мемлекетке келтірген миллиондаған шығындарын қайтаруы тиіс. Ал басы дауға қалған «Астана» медициналық университеті Денсаулық сақтау министрлігіне қарайды. Қазір қос министрлік білім ошағының ендігі тағдырын қарастырып жатыр. Яғни, университетті лицензиядан айыруы да мүмкін. Министрдің айтуынша, осы даулы жағдайдан кейін еліміздегі 130 жоғары оқу орнының бәрі тексерілетін болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде