{metadescription}
Тікелей эфир: Білім министрлігі ауыл мен қала мектептерін теңестіру үшін  қыруар қарыз алмақ
Тікелей эфир: Білім министрлігі ауыл мен қала мектептерін теңестіру үшін  қыруар қарыз алмақ

Тікелей эфир: Білім министрлігі ауыл мен қала мектептерін теңестіру үшін қыруар қарыз алмақ

Елімізге Дүниежүлік банк 67 миллион доллар беруге дайын. Үкімет несиені 17 жылда қайтаруы тиіс. Ал бюджетте  өңірлердегі оқу орындарын заманауи құрал-жабдықпен қамтуға ақша жоқ дейді депутаттар.

-Білім министрлігі миллиондаған долларға не істемек? Мектептерді қалай теңестірмекші?

Ерлан Сағадиев бұл ақшаға еліміздегі 5 жарым мыңға жуық мектепті заманауи құрал-жабдықпен қамтимын деп отыр. Қарыздың сомасы мен оны қайтару мерзімін қазір министрдің өз аузынан естісек.

Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі:

-  Қарыз  67 миллион доллар. Және салық төлеу үшін республикалық бюджететн 8 миллион доллар қаржыландыру қарастырылған. Қарызды өтеу мерзімі 17 жыл. Оның ішінде 5 жарым жылда босатылған төлеуден. Мақсаты –орта білім беру жүйесін сапасын көтеру.

Яғни, ауыл мен қаланың мектептерін техника жағынан  теңестірмекші. Мультимедиалық жабдықтар: компьютер, интерактивті тақталар орнатпақ. Оған 16 миллион доллар қажет екен. Және көзі нашар көретін балалардың өзге оқушылармен бірге білім алуына жағдай жасаймыз деп отыр бас ұстаз.  

-Депутаттар Үкіметтің кезекті қарызына қалай қарады? Мәжілісмендер несиені алуға келісім берді ме?

Қайта-қайта қарызға бату аса жақсы емес деп, қарсы шыққан бір-екі депутат болды. Білім саласына онсыз да қазынадан аз ақша бөлініп жатқан жоқ дейді мәжілісмендер. Мәселен, биылғы бюджеттен білім беру ісін  дамытуға 189 миллиард теңге қаралған. Денемен, депутаттар Дүнижүзілік банктен несие алуға ақыры келісім берді.

Майра Айсина, Мәжіліс депутаты:

-Жабдықтар алу. Ол енді шынында да керек нәрсе. Себебі, бюджеттен беріліп жатқан қаражаттан оған бөлуге қазір жағдай жоқ. Сол себептен оысндай қарыз алып отыр. Ауылдағы мектептердің олардың жабдықталғанын қаламен салыстыра алмайсың ғой.

Сондай-ақ, еліміздегі жоғары оқу орындарындағы ақылы білім берудің жылдық құны өзгеруі мүмкін. Білім министрі университеттер  бағаны өздері  белгілесін деп отыр.

Ал қазір жоғары оқу орындарының ақылы білім беру бөлімдерінде баға  мемлекеттік гарнттантың құнынан қымбат, не арзан болмау керек деген талап бар екен. Министрлік заңнан осы норманы алып тастамақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде