{metadescription}
Қызылордалықтар «Сайтан доңғалағы» деп кеткен әткеншектің саябақта тұруына қарсы
Қызылордалықтар «Сайтан доңғалағы» деп кеткен әткеншектің саябақта тұруына қарсы

Қызылордалықтар «Сайтан доңғалағы» деп кеткен әткеншектің саябақта тұруына қарсы

Қызылордада кезінде қауіпті деп танылып жабылған аттракцион қайта жөнделіп жатыр. Ел арасында «Сайтан доңғалағы» деп аталып кеткен алып әткеншектің орталық саябақта орнатылғанына 40 жылдан асқан екен. Енді ол 1-ші мамырда қайтадан іске қосылады деп жоспарланған. Бірақ бұған жергілікті тұрғындар қарсылық білдіруде. Олардың ойынша, кезінде апатта жағдайда деп танылып, тоқтатылған аттракцион қанша жөнделгенімен, адам өмірі үшін қауіпті болып қала бермек.

Бұл – осыдан қырық жылдан аса уақыт бұрын Қызылорданың қақ ортасында пайда болған аттракцион. «Сайтан доңғалағы» деп аталып кеткен әткеншек 7 жыл бұрын апатты деп танылып, істен шыққан екен. Десе де, аттракцион қазір қайта жөнделіп жатыр. Мұны аңғарған жұрт аты жаман ескі әткеншекке бала түгілі, өзіміз де жоламаймыз деп отыр.

Руслан Түймебаев, Қызылорда қаласының тұрғыны

-Мен өзім мінгізбеймін. Үш балам бар, мысалы. Мінгізбеймін. Баланың тағдырымен ойнауға болмайды ғой. 

Мұса Әлжаппаров, Қызылорда қаласының тұрғыны

-Менің бұған пікірім қарама-қайшы, бұл керек емес нәрсе. Мен мұны 1976 жылдан бері білем. Сол колесо, сол материалы сол күйінше тұр.

Ал жөндеу жұмыстарын екі ай бұрын қолға алған жергілікті кәсіпкер ісін аяқтауға жақын. Аттракционға су жаңа мотор орнатқан ол әбден ескірген орындықтарды да түгел ауыстырыпғ, қосалқы бөлшектерді Ресейден арнайы алдыртыпты. Ал биіктігі 30 метр әткеншектің өзін Қызылорданың 200 жылдығына тарту етпекші екен. Мұны қалалық саябақтың басшылары да мақұлдап отыр.

Әнуар Нақыпов, Қызылорда қаласы мәдениет және демалыс саябағының директоры

-Қоспастан бұрын бірінші техэкспертті шақыртып, ол арқылы жұмыс жасалынып жатыр. Оған қазіргі таңда мемлекеттен ешқандай ақша бөлінген жоқ. Және жеке кәсіпкер өз қаражатымен оны іске қосу әрекетін жасап жатыр.Тех эксперттің өзінің положительный одобрениясы болған кейін ғана іске қосылады.

Осылай деген саябақ басшылары, қам жейтіндей ештеңе жоқ деп сендіруде. Жаңаланған аттракцион 1 мамыр күні қолданысқа берілуі тиіс. Ал жөндеу жұмыстарына өз қалтасынан ақша шығарған кәсіпкер алдағы уақытта әткеншекке өзі би, өзі қожа болмақшы екен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде