Өскеменде қызметтік көлігімен апатқа ұшыраған полицейлердің видеосы пайда болды
Өскеменде қызметтік көлік мінген полицейлер қала тұрғындарының тынышын бұзды. Кезекті шақыртуға асыққан тәртіп сақшылары жылдамдықты тым асырып жіберіп, бұрылыстағы демалыс орындарының бірінің темір қоршауына соғылған.
Автор: Жанар Низамутдинова
26.04.2018
Бүгін болған бұл оқиғаны куәгерлер түсіріп алып, әлеуметтік желіге салыпты. Мына бейнекадрлардан іргетасы қирап, быт-шыты шыққан қоршау мен майысқан қызметтік көлікті көруге болады. Әйтеуір, адам шығыны жоқ. Өйткені оқиға ертеңгілік болғандықтан, гүлзарда жан баласы болмаған. Көлікте болған қос полицей де дін аман. Олардың сол мезетте спирттік ішімдік ішкен-ішпегендері әзірге белгісіз. Ал машинаны тізгіндеген полицей бүлінген темір шарбақтың шығынын өтеуге міндеттеліпті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!