Ақтөбеде жол инспекторы ақша үшін басқалардың орнына сынақ тапсырып келген
Ақтөбе облысында мемлекеттік инспектор жүргізуші куәлігін алуға 11 рет сынақ тапсырған. Бірақ өзі үшін емес. Ол құжатынан айрылғандарға көмектеспек болыпты. Сөйтіп, бұл қызметіне әр адамнан 30 мың теңгеден алған.
Автор: Жаңалық Ахаш
19.04.2018
33 жастағы Нұрдәулет Саршин жол ережесін жатқа біледі. Осы күнге дейін Мұғалжар аудандық әкімшілік полиция бөлімшесінде қызмет еткен ол өзгелер үшін сынақ тапсырарда әдейі бірер сұраққа жалған жауап беріп отырған. Одан көмек сұрағандардан ақша алып қана қоймай, жалған құжат та әзірлепті. Енді мемлекеттік инспектор осы қылмысы үшін шартты түрде екі жылға сотталды. Онымен қоса өмір бойына мемлекеттік қызметтің маңайына жолай алмайды. Ал оның көмегіне жүгінгендер жүргізуші куәлігін алу үшін өз білімдерімен қайта сынақ тапсыратын болды.
Анар Айтжанова, Ақтөбе облыстық сотының баспасөз хатшысы:
-Саршин қызметтік өкілеттілігін теріс пайдаланғаны және жалған құжат дайындағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған екі жылға шартты жаза тағайындалып отыр. Капитан шенінен айрылып, мемлекеттік және құқық қорғау органдарында өмір бойы қызмет атқармайтын болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!