Астанада жазушы Зейнолла Сәніктің шығармалар жинағы жарық көрді
Астанада жазушы, этнограф Зейнолла Сәнік пен оның жары, ақын Шәмшабану Хамзақызының көп томдық шығармалар жинағының тұсаукесері өтті.
Автор: Сабина Мәдиқызы
27.04.2018
Қытайда туған қаламгердің «Қазақ ертегілері», «Қабанбай батыр», «Қазақ емшілігі мен дәрігерлігі» сынды өмір бойы тынбай жазған еңбектері мына 15 томдық шығармалар жинағына еніп, жарық көріп отыр. Сондай-ақ, жинақта халқымыздың әдет-ғұрып, салт-дәстүр, дүниетанымы мен рухани әлемі де жан-жақты баяндалған.
Серік Негімов, филология ғылымдарының докторы:
–Зейнолла Сәніктің осы қаламынан туған шығармалардың өзі біздің жаңағы қазақ әдебиетіне қосылған бір салмақты үлес. Бұл жаңағы қазақтың көркем ойына қосылған жойқын ағын. Қазақ көркем ойының энциклопедиясы деуіміз керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!