{metadescription}
Ақмола облысының көптеген тұрғындарында әлі де қару бар болып шықты
Ақмола облысының көптеген тұрғындарында әлі де қару бар болып шықты

Ақмола облысының көптеген тұрғындарында әлі де қару бар болып шықты

Олар екі аптада полицияға 226 қару-жарақ әкеліп тапсырған.

Мұндай белсенділікті тәртіп сақшыларының өздері күтпесе керек. Бюджеттен бір жылға бөлінген 12 миллион теңге осылайша тез игерілді. Мұнда келгендер арасында бір өзі 5 бірдей қосауыз мылтық әкеліп тапсырғандар да бар. Бұл қарулардың барлығы сараптамадан өтіп, қолданысқа жарамды екені анықталды. Иелеріне уәде етілген 100 айлық есептік көрсеткіш, яғни 240 мың 500 теңгеден бастап, сапасына қарай да ақшасы төленген. Енді өтініш білдіргендердің қаруын тегін тапсыруына тура келеді. Ал бүгінге дейін әкелінгендердің арасында 1898-ші жасалған «Люгер 08»тапаншасы да бар екен. Полицейлер ерекше назар аударған бұл қарудың иесі оның тіпті екі бірдей дүниежүзілік соғыс кезінде қолданылуы мүмкін екенін білген жоқпын дейді.

Виталий Шнайдер, Көкшетау қаласының тұрғыны:

-Бұл тапаншаның атамның үйінде нақты қалай,қашан пайда болғанын білмеймін. Ол кісі 4 жыл бұрын қайтыс болды. Оның үйіне жөндеу жасаймын деп шкафты ақтарғанымда, шүберекке оралған күйі жатқанын көрдім. Біраз ескерткіш ретінде сақтадым. Сосын полицияға әкеліп едім, әлі де қолдануға жарамды екенін білдім. 

Корей жарты аралындағы тарихи оқиға:Қос Кореяның президенттері кездесті

 Бүгін Солтүстік Корея жетекшісі Ким Чен Ын алғаш рет Оңтүстік Кореяның шекарасынан өтіп, сол елдің президенті Мун Чжэ Инмен кездесті. Айта кетейік, соңғы 65 жылда Солтсүтік Кореяның бірде бір басшысы көрші елдің шекарасынан аттап баспаған еді.

Демаркациялық аймақтағы Пханмунджом бекетінде жолыққан қос ел басшысы әуелі қол алысып амандасып, бір-біріне ерекше ілтипат көрсетті. Іле-шала Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин әріптесінің шақырумен Солтүстік Корея жағына өтіп, сәл аялдаған соң екеуі кері қайтты. Корейаралық саммит аясында жолыққан олар екі елдің қарым-қатынасын нығайту мәселесін талқыламақ. Сондай-ақ, ядролық қару жайы да назардан тыс қалмайды. Ал, Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын жөні бөлек кездесуді «жаңа тарихтың басталған сәті» деп бағалады. Алайда, кейбір халықаралық сарапшылар екі түрлі саяси режимде өмір сүріп жатқан бауырлас елдердің  түбегейлі достығына сенімсіздік білдіруде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.