{metadescription}
Павлодарда жанармай құю станциясынан шоколад жымқырған ұры іздестіріліп жатыр
Павлодарда жанармай құю станциясынан шоколад жымқырған ұры іздестіріліп жатыр

Павлодарда жанармай құю станциясынан шоколад жымқырған ұры іздестіріліп жатыр

Онда кешкі уақытта келген ер адамның бұл қылығы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Ішке кірген ер адам сөредегі шоколадтарды таңдағандай кейіп танытып, сол жерде біраз тұрады. Кейін екі дана шоколадты төс қалтасына салып, дүкенді аралап кете барады. Бірақ, шыға берістегі сөренің алдына қайта оралып, тағы екі плитка шоколад алған. Бір қызығы, пысықайдың бұл қылығын іште отырған күзетші мүлдем байқамаған . Ал станция басшылары тәттіқұмар ұрының суреті мен бейнетаспаны әлеуметтік желіге жүктеген. Енді ол табылып, жауапқа тартылады деген үмітте.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.