Тікелей эфир: Елімізде тұзды, тәтті, майлы тағамдардың жарнамасына шектеу қойылғалы жатыр
Денсаулық сақтау министрлігі заңға зиянды азық-түлікті телеарна, радио мен газет-журналда қайта-қайта насихаттауға тосқауыл болатын өзгеріс енгізбек. Шенеуніктер нақты ұсыныстарын дайындап қоған. Жақында депутаттарға таныстырмақ.
Автор: Жәудір Оразхан
27.04.2018
-Денсаулық сақтау министрлігі тұзды, тәтті, майлы тағамдарды жарнамалауға мүлдем тыйым салмақ па?
Жұрт ұзақ уақыт тұрақты тұтынып келе жатқан бұл азық-түлікті нарықтан мүлдем жойып жіберу мүмкін емес шығар. Бірақ, министрліктегілер тұзды шұжық, балық, жаңғақ пен көкөніс шырыны, соус сынды адам денсаулығына аса зиянды тағамдардың жарнамасын барынша азайту керек деп отыр. Шенеуніктер осы мәселеге қатысты шетелдердің тәжірибесін мысалға келтірді.
Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі:
-Финляндияда 2010 жылдан бастап тәтті, спирттік ішімдік пен тұзды тағамдарға бөлек салық салынады. 7 жылдағы нәтиже мынадай: инфекциялық емес аурулар 80 пайызға азайған, 1980 жылмен салыстырғанда адамдардың өмір жасы 10 жылға артқан. Ұлыбританияда да денсаулыққа зиян азық-түліктің жарнамасына тыйым салынған.
Енді біздің атқамінерлер де Денсаулық сақтау кодексіне құрамында тұз, қант, майы көп тағамдардың жарнамасына шектеу қоятын өзгеріс енгізбек. Шенеуніктер нақты ұсыныстары дайын. Жаңа құжатты биыл парламентке таныстырмақшы. Сонда тұрғындар арасында қатерлі аурулар азаяды дейді дәрігерлер
-Денсаулық сақтау министрі салауатты өмір салтын насихататуға жауапты орталықтарға да ескерту жасапты. Министрге не жақпай қалған?
Елжан Біртанов Алматыдағы саалуатты өмір салтын қалыптастыру орталығы ақша берсе ғана насихат жүргізеді де, қаржы таусылса қарап отырады деп сынады. Министрдің айтуынша, ел ішінде ақпарат таратуға аса көп ақша керек емес. Интернетті тиімді пайдаланыңдар деді.
Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
-Сіздер бар ақшаны буклет, қағаз басып шығаруға жұмсап үйреніп алғансыздар. Оның қазір ешкімге керегі жоқ, қызық та емес. Дені сау жастар мен ата-аналардың арасында насихат жүргізу. Олар ақпаратты интернеттен алады. Әлеуметтік желі, мобильдік қоысшыларды пайдаланыңыздар.
Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігінде қатерлі ісікке шалдыққандар жайлы да сөз болды. Елімізде жылына 36 мың науқасқа рак деген диагноз қойылады да, оның 15 мыңы қайтыс болады екен. Бас онколог, әсіресе, әйелдер арасында жаман ауруға шалдыққандар саны көбейіп кеткен дейді. Жылына 1700 қыз-келіншек жатыр мойны рагымен ауырады да, оның жартысы қайтыс болады екен. Мұның бәрі дер кезінде дәрігерлерге тексерілмегененнің кесірі дейді мамандар. Енді Денсаулық сақтау министрлігі тегін скринигке көңіл бөлмеген, уақытында дәрігерге қаралмаған адамдарды жауапқа тартпақ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!