{metadescription}
Шымкентте өз ұлын өлімші етіп сабаған әйел сотталды
Шымкентте өз ұлын өлімші етіп сабаған әйел сотталды

Шымкентте өз ұлын өлімші етіп сабаған әйел сотталды

Сабағын дұрыс оқымағаны үшін бірінші сыныптағы баласын тепкілеп тастаған Нәзира Бекбаева екі бап бойынша айыпты деп танылды.

Тамара Смайылова, ОҚО сотының үйлестіруші-судьясы:

 «Қасақана дене жарақатын салғаны» және «кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін» оған 5 жыл жаза кесілді. Бірақ, ол әйелдің екі жеткіншек  баласы болғандықтан үкім 5 жылдан кейін күшіне енеді. Әзірше ол сот залынан босатылып отыр.

Сайрам ауданында тұратын жалғызбасты әйел 6 жасар ұлын былтыр желтоқсан айында тепкілеп ауруханаға түсірген болатын. Сөйтсе, анасының ашулануына оқушы баланың сабақ оқымағаны себеп болыпты. Осыдан кейін миы шайқалып, бүйрегі зақымданған ұл ұзақ уақыт жансақтау бөлімінде ес-түссіз жатқан еді. Нәзира Бекбаеваның ұлынан кешірім сұрап, ал 8 жасар үлкен қызының жүрегі ауыратынын ескерген сот оны аналық құқығынан айырған жоқ. Қазір 37 жастағы жалғызбасты ана екі баласымен туыстарының қолында тұрып жатыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.