Астанада жалған сертификат жасатқан магистранттарға қатысты Біртанов пікір білдірді
Ағылшын тілін меңгергендігі туралы сертификаты жалған боп шыққан астаналық 117 студент енді қайта грантқа тапсыра алмайды. Тек ағылшын сынағынан сүрінбей өтсе ғана ақылы бөлімге түсуге мүмкіндігі бар. Денсаулық сақтау министрі жаппай оқудан шығарылған магистранттар мен докторанттарға қатысты осылай пікір білдіріп, болашақта медициналық университеттердің оқу жүйесіне өзгеріс енгізілуі мүмкін екенін айтты.
Автор: Ербол Тұрымбет
27.04.2018
Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі:
-Бұрыннан қазақ топтары болды, орыс топтары болды. Бірақ, келешекте біз ойлаймыз, келешек дәрігерлер үш тілде бірдей оқу керек: қазақ тілінде, орыс тілінде және ағылшын тілінде. Жоғары білім алған мамандарға байланысты әрине қажетті қылмыстық зерттеу жұмыстары өткізілуде. Кім сертификаттар шығарып жатқаны, менің ойымша табылады.
Қазіргі уақытта 117 магистранттар мен докторанттардың барлығына қатысты қылмыстық іс қозғалған. Олардың 27-сіне оқудан шығару туралы сот шешімі шығып, қалғаны әлі тергеліп жатыр. Оларға ағылшын тілінен халықаралық «айлтс» сертификатын қолдан жасап берді деген күдікпен екі адам анықталып, тергеуге алынған. Олардың Медициналық университетпен байланысы болуы да мүмкін. Ал опық жеген студенттердің әрқайсысы мемлекеттік грантарды пайдаланғаны үшін бюджетке шамамен 5 миллион теңгеден қайтаруы керек. Осы жағдайға байланысты университетте бір факультет деканы мен орынбасары және тағы бір қызметкер жұмыстан қуылған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!