Ақтауда кооператив төрағасын «алаяқ және ұры» деп атаған кемпір сотта ақталып шықты
Қып-қызыл жанжал төрағаның тұрғындармен кездесуі кезінде болған. Үй күтіміне көңілі толмаған 72-дегі қария кооператив басшысын жұрт алдында әбден балағаттап, артынша сотқа шақырту алған болатын.
Автор: Аруна Ортай
27.04.2018
Жанжал былтыр күзде басталған. Кооператив басшысы жұрттың көзінше өзін «алаяқ, ұры» деп атаған кемпірді сотқа берген болатын. Дауды бірінші боп қараған қалалық сот басшыны қолдап, боқауыз сөйлеген қарияға 60 мың теңге айыппұл салған-ды. Алайда, тұрғын соттың бұл шешімімен келіспей, іс облысқа жеткен. Кейуананың айтқан сөздерін аймақаралық сот медициналық сараптама орталығындағылар әбден зерттеп, нәтижесінде боқауыз емес деген қорытынды шығарыпты. Сөйтіп, зейнеткер ақыры ақталып шықты. Десе де, 72-дегі қария өз сөзінен таңбай отыр. Айтуынша, кооператив төрағасы барып тұрған алаяқтың өзі екен.
Венера Попова, Ақтау қаласының тұрғыны:
-Все ругались и орали, что он жулик, что он мошенник, что он вор. Я вышла и сказала, да, «вор и мошенник»
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!