{metadescription}
Елімізде әйелдер арасында жатыр ісігі көбейген
Елімізде әйелдер арасында жатыр ісігі көбейген

Елімізде әйелдер арасында жатыр ісігі көбейген

Дәрігерлер қатерлі ісіктен қайтыс болған әйелдердің  саны күрт көбейіп барады деп дабыл қағуда. Күніне екі келіншек жатыр мойны ісігінен көз жұмады екен. Бұл туралы бүгін еліміздің бас онкологы  мәлімдеді.

Диляра Қайдарова, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының директоры:

-30 адамға арналған гинекология бөлімшесінде  35 пен 45 жас аралығындағы 25 әйел жатыр. Қашан дәрігерге көріндіңіз деп сұрасам, көбі 5-6 жылда бір де бір рет гинекологқа бармаған.  Бәрінің уақыты жоқ, қолдары бос емес.

Яғни, ауруын асқындырып жүріп алған науқастардың өздері кінәлі екен. Әйелдер он жылдан бері тегін өткізілетін  скринингке келмейді дейді дәрігерлер.  Осы кезде елімізде жылына 1700 қыз-келіншек жатыр рагына шалдығады. Оның жартысы дертінен айықпай көз жұмады. Ерлер мен әйелдер арасында ішек, асқазан  рагы да өршіп тұр. Сондықтан, шенеуніктер азаматтардың асын да қатаң қадағалауға кіріспек.  Министрлік Денсаулық сақтау кодексіне өзгеріс енгізбекші.  Жаңа құжатқа сай, тұзды, тәтті, майлы тағамдарды жарнамалауға шектеу қойылады немесе бөлек салық салынады. Сондай-ақ, Елжан Біртанов салауатты өмір салтын насихаттайтын орталықтарға да ескерту жасады. Денсаулық сатау министрінің айтуынша, бұған  жауаптылар бюджеттен ақша түссе ғана жұмыс істейді  де, қаржы таусылса қарап отырады.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

-Сіздер бар ақшаны буклет, қағаз басып шығаруға жұмсап үйреніп алғансыздар. Оның қазір ешкімге керегі жоқ, қызық та емес. Дені сау жастар мен ата-аналардың арасында насихат жүргізу. Олар ақпаратты интернеттен алады. Әлеуметтік желі, мобильдік қосымшаларды пайдаланыңыздар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.