{metadescription}
0:000:00
Семейде алтын адам мен ежелгі қазақ батырының мүсіндері жасалды

Семейде алтын адам мен ежелгі қазақ батырының мүсіндері жасалды

Жергілікті қолөнер шебері Абылайхан Асылбай оларды осыған дейінгі ешбір туындыны қайталамайтындай, ерекше етіп шығарған. Темірден түйін түйген шебер қос туындыға үш жылын сарып етіпті. Айтуынша, мемлекет тарапынан қолдау болмағандықтан, қажетті заттарды өз қалтасынан қаражат шығарып сатып алуға тура келген.

Бірінші топтағы мүгедектігі бар азамат алтын адамды жасап шығаруға сегіз айын жұмсаған. Шебердің қолындағы заттары жеткіліксіз болғандықтан, оның үстіне өз киімін киіндіріп, сары бояумен бояп тастауына тура келген. Темірден болуы тиіс бас киімін де былғарымен жасапты. Ал жағасындағы барыстың бейнелеріне алюминийді пайдаланған.

Абылайхан Асылбай, шебер:

-Әрбір шебердің өзінің қолтаңбасы болады. Нағыз алтын адам жасау үшін лицензия сұрайды. Сол себепті, мен өзімнің қолтаңбамды жасап, өзімше қосып ойымдағыны жүзеге асырдым. Өйткені, мына жерде кіреуке сауыттікі болмау керек.

Абылайхан батырдың көшірмесін жасауға келгенде тіпті тосырқап қалғанын айтуда. Себебі, оған қажетті 50 мың шығыршық көз тоқитын темірді табу қиындық тудырған. Шебер батырдың беліндегі бес қаруын түгел сайлап шығару үшін темір қабылдайтын орындарды бірін қалдырмай араладым, дейді. Оның өзінде іздегені бірден табылмай үш жылдай уақытын сарп еткен.

Абылайхан Асылбай, шебер:

-Жағдай жасалмаған.Әрине бұданда керемет туындылар жасағым келеді. Ал, арзан қол материалдан жасасан, оның бағасы төмен. Сол себепті, мен көбінде мына әкімшілікте, жоғарғы жақта отырғандардан мүмкіндігінше көмектессе екен деп сұраймын.

Осылайша, бір тәулікте 12 сағатын шеберханада өткізетін Абылайхан Асылбайдың туындылары, енді жергілікті жұрттың назарына ұсынылмақ. Ал біз бұған дейін де оның аты 100 жаңа есімнің қатарына енгені туралы айтқан болатынбыз. Абылайханның ендігі арманы – шеберханасын кеңейтіп, шәкірт тәрбиелеу.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде