Алматы облысында ондатрларды қынадай қырған браконьер ұсталды
Оның көлігінен мың жарымға жуық аң терісі табылған.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
02.05.2018
Браконьер арнайы рейд кезінде Үшарал-Бескөл трассасында ұсталыпты. Тексере келе, көліктегі 7 қапшықтың ондатр терісіне лық толы екені анықталды. 50 жастағы Алакөл ауданының тұрғыны осынша аңды өзі аулағанын мойындап та үлгерген. Ол кеміргіштерді бағалы терілері үшін қырыпты. Сол күні жеңіл машинаға тиелген тауарды Алматыға сатуға апара жатқан. Айта кетсек, қалада мұндай бір ғана ондатрдың құны 7 мың теңгеден жоғары. Күдіктінің ондатрды аулауға, не оның терісін өңдеуге рұқсат қағазы болмай шықты. Сондықтан, оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Браконьерліктен келген шығын 17 миллион теңгеден асады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!