{metadescription}
0:000:00
Ақтөбеде 40 миллион теңгені жекеменшік балабақшаларға себепсіз бөлген шенеунік істі болып жатыр

Ақтөбеде 40 миллион теңгені жекеменшік балабақшаларға себепсіз бөлген шенеунік істі болып жатыр

Қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Рустам Әлжановтың жабылып қалған компанияларға да ақша аударғаны анықталған.

Осыдан екі ай бұрын балабақша тәрбиешілері қаншама ай бойы жалақы алмай жүргендерін айтып, әкімдікте шу шығарған еді. Ол кезде Рустам Әлжанов қазынада түк қалмағанын айтып ақталған. Тәрбиешілерге айлық тауып бере алмаған шенеунік енді жеке компанияларға келгенде керсінше жомарттық танытыпты. Оның есеп-қисабын тексерген прокурорлар жемқорлыққа жол бергенін анықтады. Әлжанов жекеменшік балабақшаларға ақшаны артығымен бөлген көрінеді. Онымен қоймай қызметін тоқтатқан компанияларды да жарылқауды ұмытпапты. Биылдыққа қалалық білім бөлімі басшысының орынбасарының ісін тәртіптік кеңесі де екі рет қараған. Біріншісінде ол сөгіс алып құтылса, енді қызметін мүлдем атқара алмайды деген ұйғарым жасалды. Сондай-ақ, үстінен қылмыстық іс те қозғалды.

әнім Қуантаева, Ақтөбе облыстық мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бас маманы:

-Жекеменшік балабақшалар мемлекеттік тапсырыс бойынша ешқандай қызмет көрсетпеген. Соған қарамастан Әлжанов ақша бөлуге бұйрық шығарады. Оның бұл заңсыз қылығын прокурорлар да, тексеруге барған біздің мекеменің қызметкерлері де анықтады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде