{metadescription}
Көктемнің соңғы айы Ұлттық ақшамыз үшін сәтсіз басталды
Көктемнің соңғы айы Ұлттық ақшамыз үшін сәтсіз басталды

Көктемнің соңғы айы Ұлттық ақшамыз үшін сәтсіз басталды

Теңге күн өткен сайын құлдырауда. Тіпті, бүгін валютамыз долларға қатысты 331-ге дейін арзандаған. Бұл қор биржасындағы таңғы саудада қалыптасқан бағам.

Яғни, ұлттық валюта тәулік ішінде 1 теңгеге арзандады. Кеше ғана АҚШ валютасының құны 330-ға жетпей тұрған еді. Ал, сәуірдің аяғында, тіпті, 327-ні құраған болатын. Дәл қазір айырбас орындарында 1 доллар 329-331 аралығында сатылуда. Теңгеге нарықта құны көтеріліп келе жатқан қара алтын да оң әсер етпей тұр. Бүгін Brent-тің бағасы 23 центке көтеріліп, баррелі 73 доллардан асқан. WTI маркалы қара алтын құны да өсті. Ол қазір 67 доллар 93 центтен.

Теңге бағамы

27.04.2018             327,72T

02.05.2018             329,99Т

03.05.2018             331Т

Мұнай бағасы

Brent   +0,23$       73,36$

WTI     +0,68$       67,93$>>

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

17 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде