Мәскеуде университет ғимаратының төртінші қабатынан құлап кеткен қазақ қызы ақыры тілге келместен көз жұмды
Ауруханада аппарат арқылы тыныстап жатқан арудың халі таңсәріде күрт нашарлап, дәрігерлер оны құтқара алмады.
Автор: Аруна Ортай
03.05.2018
Осылайша, ең элиталы жоғары оқу орындарының бірінде оқып жүрген отандасымыз Томирис Байсафаға қастандық жасалған ба, жоқ па сол күйі беймәлім боп қалды. Ресейлік оқу ордасы оқыс жағдай дегенімен, студент қызды сүйіктісі Магомед Котиев деген дағыстандық жігіт итеріп жіберді деген де мәлімет тараған. Дегенмен, Кавказ тумасы қол ұшын да тигізбедім деп азар да безер. Қыздың қазасынан соң тергеу енді тіпті тығырыққа тірелді. Естеріңізге салсақ, Мәскеудегі кілең бай-бағландардың балалары оқитын халықаралық қатынастар институтының төртінші қабатындағы терезесінен қазақ қызы құлап кеткен болатын. Оқиға 13-сәуір күні тапатал түсте болған. Десе де, куәгерлер жоқтың қасы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!