{metadescription}
Елімізде соғыста хабарсыз кеткендерді тауып беретін сайт пайда болды
Елімізде соғыста хабарсыз кеткендерді тауып беретін сайт пайда болды

Елімізде соғыста хабарсыз кеткендерді тауып беретін сайт пайда болды

Ұлы отан соғысы кезінде тұтқынға түскен жауынгерлер жайлы мәліметті енді оп-оңай табуға болады. Бүгін Ішкі істер министрлігі фашистердің қолына түсіп, ізім-ғайым жоғалғандар жайында толық ақпарат жазылған электронды базаны іске қосты.

Жеңістің 73 жылдығына орай пайда болған сайтта ардагерлердің аты-жөні, туған жылынан бастап жау қолына қашан түскені және кейінгі тағдыры анық жазылған. Тек, қажетті мағлұматты табу үшін, ардагердің есімін жазып, «іздеу» батырмасын басу керек. Базада Қазақстанның ғана емес, бұрынғы барлық КСРО елдері жауынгерлерінің тізімі бар.Бұл хабар-ошарсыз кеткен майдангерлердің ұрпағы, мәлімет алу үшін жасалған.

Дария Әлиқызы, ҚР ІІМ Ақпараттық сараптамалық орталығының арнайы мемлекеттік мұрағатының бастығы:

-Тарихи әділдікке көз жеткізу. Және осы тұтқынға түскен  әскери тұтқындарға  қатысты  тарихи мәліметтерді  бүкіл халыққа  ашып көрсету. Қолжетімді ету.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде