{metadescription}
0:000:00
"Ит байласа тұрғысыз": Атырауда адам шошырлық жатақхананың тұрғындары мұңын шақты

"Ит байласа тұрғысыз": Атырауда адам шошырлық жатақхананың тұрғындары мұңын шақты

Атырауда ит байласа тұрғысыз жатақхананы пана қылып отырған отбасылар биліктен  көмек сұрады. Әуелгі кезде балық шаруашылығы техникумының ғимараты болған нысан осыдан 25 жыл бұрын әкімдіктен үй сұрап келгендерге бөліп берілген екен. Бірақ содан бері мүлдем жөндеу көрмеген бес қабатты жатақхананың қазіргі жағдай адам көргісіз. Мұнда амалсыз тұрып жатқан 100 шақты отбасы басқа жерден баспана берілсе дейді. Оларға сенсек, жергілікті басшылық бұларды итке сүйек тастаған секілді жыл сайын құр уәдемен алдарқатып келген.

Абай Құнанбаев атын иеленген көшедегі атышулы 13-ші жатақхана осы. Қазір қаланың ортасында қалған бұл ғимараттың ішіне әдейілеп бас сұқпаса, адам тұрады дегенге сену қиын. Бірақ қабырғасы шытынап, төбесі шұрқ-тесік болған, ішін әбден сыз басып, дәретхана исі мүңкіген бұл жатақханы қазір барар жері жоқ 120-ға жуық отбасы паналап отыр.

-Мынаумен аққан су 4-ке барып жатыр.  Ал мен не істеймін мынаған, азаматым да жоқ бітеп беретін...

Тұрғындардың айтуынша, қаражат жинап, жөндеу жұмыстарын жүргізгенмен ол ұзаққа шыдас бермейді екен. Кіріп-шыққанға қауіп төндіріп, салбырап тұрған электр сымдарының кесірінен бірнеше рет өрт те шығыпты. Бұл аздай қабырғада жарықтар пайда болып, онсыз да «шықпа жаным, шықпамен» отырғандарға енді үйінді астында қаламыз ба деген үрей қосылған.

Марфуға Сақауова,  Атырау қаласының тұрғыны:

-Мынау бір күні құласа, өліп қаламыз ба? Канализация біреуде бар, біреуде жоқ, ана жерге барып төгеді, иіс жазы-қысы бойы, сасып тұрады.

Нұрзия Жұмағұлова, Атырау қаласының тұрғыны:

-Бізді көшірсін осы жерден! Біздің қаланың қақ ортасында тұрып, мынадай ұсқынсыз жерде тұрмыз. Өздеріне жақсы болса, оны да қарасын. Біреуі де келіп қарап жатқан жоқ, қандай жағдада болып жатқанын білмейді. 5-ші қабаттан барлық пәтердің  төбесінен жаңбыр құйылып жатыр, қыста қар құйылып жатыр.

Ал қала басшылары тұрғындар осылай деп тілге ерік бергенімен, тірліктері қарын аштырады деп отыр. Өйткені өздерінде ауызбіршілік атымен жоқ көрінеді: бірігіп пәтер иелері кооперативін де құрмаған, тіпті қажетті құжаттарды да тапсырмай, тарыдай шашылып жүрген көрінеді.

Серік Шәпкенов, Атырау қаласының әкімі:

-Егер де әркім өзіне байланысты құжаттарды дайындамайтын болса олар қай күні көшу керек? Дайындалған уақытта өзімнің орынбасарыммен комиссия құрылды. Солармен тіке жұмыс істейді. Содан кейін барып біз отырамыз.  Ол жерде егер басқа жүйені ұсынып отырмыз. Соған көнген жағдайда барлық тұрғындар келіскен жағдайда бірауыздан сол жоспармен көшіреміз.

Қала басшысына сенсек, биыл мұнда 40 тұрғын үй пайдалануға берілмек. Яғни, 2000-ға жуық атыраулық жаңа баспаналы болады. Ал мына жатақханадағылар құжат тапсырмай, жанжалмен уақыт өткізсе, биыл да жаңа пәтерден құр қалмақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде