{metadescription}
0:000:00
"Сыйақыға ұстап бер": Жемқорлыққа қарсы Бюро Медициналық университетте парақорлар туралы айтты

"Сыйақыға ұстап бер": Жемқорлыққа қарсы Бюро Медициналық университетте парақорлар туралы айтты

Астанадағы студенттері жалған сертификат сатып алып, оқуға түскен медициналық университетке бүгін жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің  өкілдері келді. Мамандар ұстаздар мен студент, магистр, докторанттарды жинап, пара алмау, пара бермеу туралы лекция оқыды.

Жемқорлыққа қарсы қызметтің түсіндіру жұмыстарын дәл осы оқу орнынан бастауына негіз бар. Медицина университетінің 117 студенті бұған дейін ағылшын тілінен жалған «айлтс» халықаралық сертификат сатып алғаны анықталып, оқудан қуылған. Осындай оқиға қайталанбас үшін студенттер арасында үгіт жүргізуге мәжбүрміз дейді ұйымдасытрушылар. Лекция барысында департамент қызметкерлері ауызбастырық сұраған немесе пара берген адамды көргендер Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның 1424 нөміріне хабарлауын өтінді. Және заң бұзғандарды ұстап бергендерге 200 мыңнан астам сыйыақы береміз деп ынталандырды.

Жазира Жылқышиева, Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары:  

-Егер де студенттер бұған дейін білгенде қандай органдар бар, қай жаққа айтуға болады мүмкін айтар ма еді? Мүмкін бұлар білмегеннен жасап отырған сияқты. Сондықтан біз телефондарымызды, WatsApp желісндегі бар нөмірімізді береміз. Өмірде де көп қой жағдайлар. Сондай кезде қай жаққа хабарласу керек, соны ашып айтамыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде