{metadescription}
Талдықорғанның қақ ортасында сауна өртке оранды
Қызыл жалын бір қабатты нысанның шатыры мен 100 шаршы метрін түгел шарпып, күлге айналдырды. Өрт кеше кешкі сағат 7-лер шамасында саунаның шатырынан шыққан. Куәгерлердің айтуынша, тілсіз жау тұтанғанда нысанның ішінде шамамен 10 адам болыпты. Абырой болғанда, саунаның ішінде жуынып жатқан адамдар дер кезінде сыртқа шығып үлгерген. Зардап шеккендер жоқ. Құтқарушылар тілсіз жауды бір сағатта әрең ауыздықтаған. Ал оттың тұтануына электр сымдарының тұйықталуы себеп екен.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
04.05.2018
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!