{metadescription}
0:000:00
Елімізде "7-20-25" бағдарламасымен ипотека алудың шарттары белгілі болды

Елімізде "7-20-25" бағдарламасымен ипотека алудың шарттары белгілі болды

Бүгін Ұлттық банк төрағасы азаматтардың осы жаңа бағдарламамен пәтер алуы үшін не істеуі керектігін түсіндіріп берді. Данияр Ақышевтың айтуынша, ең әуелі үй алғысы келетіндердің басында басқа баспанасы болмауы керек. Тағы қандай талаптар бар? Шаршы метр құны қанша болады?

-Сонымен, баспаналы болуы үшін не істеу керек екен?

-Иә,  "7-20-25" бағдарламасы өзгенің табалдырығында күнелткен отбасыларды қатты қызықтырып отырғаны анық. Бірақ, осы уақытқа дейін ипотеканы алудың тәртібі айтылмай келген еді. Енді белгілі болғандай үйлі болуы үшін жұрт 4 шартты орындауы тиіс. Әр қайсына жеке-жеке тоқталған Ақышевтың айтуынша, алдымен азаматтар сатып алғысы келетін баспананы таңдауы қажет. Кейін қажетті құжаттарды жинап, банкке барады. Бірақ, қай банк және қандай құжаттар жинауы керектігі жақында белгілі болады.

ДАНИЯР АҚЫШЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНК ТӨРАҒАСЫ:

-Қазір қаржылық жағдайы тұрақты, мемлекеттік бағдарламамен жұмыс істей алатын банктерді анықтап жатырмыз. Ал, баспананың құны Астана, Алматы және Ақтау қалалары үшін 25 миллион теңгедей аспайды. Қалған өңірлерде жоғарғы баға 15 миллион теңгенің шамасында болады.

Бірақ, шаршы метрге қол жеткізу үшін азаматтардың басында басқа баспанасы болмауы керек.  Әрі ипотеканы тоқтатпай төлеу үшін тұрақты жұмысы жоғары жалақысы болуы да шарт. Егер осы талаптар орындалмаса тұрғындар "7-20-25" бағдарламасына қатыса алмайды.

-Баспана мәселесінен бөлек, Данияр Ақышев екінші деңгейлі банктерге тағы да көмек көрсетілетіні туралы  айтыпты. Бұл қалай жүзеге асады?

-Иә, көмек көрсетіледі. Ол үшін Ұлттық банк Біріңғай зейнетақы қорынан 200 миллиард теңге алып, екінші деңгейлі банктерге қарызға бермек.

Бас банкирдің айтуынша, салымшыларға алаңдауға негіз жоқ. Ақша тек, сенімді банктерге ғана беріледі. Ал, көрсеткіші нашар деп бағаланған қаржылық ұйымдарға қарызға ақша бөлінбейді дейді бас банкир.

ДАНИЯР АҚЫШЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНК ТӨРАҒАСЫ:

-Оның үстіне қарызға  берілген ақша қайтпай қалады деген қауіп мүлдем жоқ. Өйткені, екінші деңгейлі банктерге қарыз қолма-қол ақша емес, облигация түрінде беріледі. Егер  банк берешегін қайтара алмай жатса, мемлекет оның құнды қағаздарын қайта тартып алуға құқылы. 

Парламенттік тыңдау барысында Данияр Ақышев банк секторына қатысты өзге де маңызды мәліметтерді айтты. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.