Білім министрлігі білім беру мекемелерінің латын қарпіне көшу мерзімдерін бекітті
Биыл нөлінші сыныптарға арналған оқулықтар әзірлене бастайды. Ал жалпы білім беру нысандарының латынға ауысу мерзімдері мынадай.
Автор: Ербол Тұрымбет
04.05.2018
2020 жылдан бастап нөлінші және 1-ші сыныптар латын қарпімен оқуды бастайды. Сөйтіп, 2023-ші жылға дейін бастауыш сыныптар көшіп бітуі тиіс. 5-9-шы сыныптар 2024, 10-11-ші сыныптар 2025-ші жылы латынша оқуға көшеді. Колледждердің курстары жаңа әліпбиге 2020-2023 жылдар аралығында біртіндеп ауысады. Ал жоғары оқу орындарында латын қарпімен оқу 2021 мен 2025 жылдар аралығында енгізіледі. Осыған байланысты келер жылдан бастап жыл сайын 9 мың мұғалім әліпбиіміздің латынша үлгісін үйренуге кіріспек. Былтыр қазан айында Президент жарлығы шығып, жаңа әліпбиді 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен енгізу міндеттелген болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!