{metadescription}
Семейде мектеп жанындағы мұражайда үтіктің сан түрі қойылды
Семейде мектеп жанындағы мұражайда үтіктің сан түрі қойылды

Семейде мектеп жанындағы мұражайда үтіктің сан түрі қойылды

Мұндағы ұстаздардың айтуынша, оларға бұл заттарды тұрғындар әкеліп тапсырған көрінеді.

Қазір осы мұражайға жиналған жәдігерлерлдің саны 50-ге жуықтаған. Тіпті олардың  ішінен ағаштан жасалған үтікті де кезіктіруге болады. Ал мұның тарихы бір ғасырдан асады екен. Ұстаздар оны сол кездегі қалың киімдерді үтіктеуге арналған деп топшылап отыр. Өйткені оның салмағы – 5 келі. Сондай-ақ, мұражайда темірден құйылып жасалған үтіктер де жеткілікті. Олардың біреуі пешке қыздырылса, енді біреуі ішіне көмір жағуға арналған. Ал мұндай көне құралдар оқушылардың қызығушылығын тудырып отыр.

Рәмзия Құрманғалиева, №6 мектеп-гимназия мұражайының бақылаушысы: 

-Балаларға бәрі қызық. Олар қолдарына ұстап көреді. Сұрайды. Тоғы қайда дейтіндер бар. Осындай қызығушылық туып тұрғандықтан, қала тұрғындары ескі үтіктері болса, әлі де әкеп өткізсе екен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде