{metadescription}
Астанада жүрек талмасына ұшыраған адамдарға  журналистер  алғашқы көмек көрсетті
Астанада жүрек талмасына ұшыраған адамдарға  журналистер  алғашқы көмек көрсетті

Астанада жүрек талмасына ұшыраған адамдарға журналистер алғашқы көмек көрсетті

Тілшілер бір сәтке қалам, қағазын  тастап   аяқ асты денсаулығы сыр берген азаматтарға  жүрек-өкпе реанимациясын жасады  және қансырап жатқандардың  жарақатын дұрыс таңуды үйренді.

-Тамыр соғысын тексереміз

- Тыныс алмай жатыр

-Жоқ болса, қайта дем береміз... 

Сценарий бойынша  көлік апатқа ұшырап,  жолаушылардың бірінің жүрек талмасы ұстайды, екіншісі қансырап жатыр. Жаны қиналған адамдар шырылдап  көмек сұрап жүр. Ал журналистер  бірден  іске кірісе  алмай, абдырап қалды. Сондықтан мамандар  ақпарат құралдарының  өкілдерін жинап  тренинг өткізді. Өйткені өрт, көлік апаты секілді оқыс оқиға болған жерге құтқарушылармен қатар журналистер де шұғыл жететіні белгілі.  Ал зардап шегушілерге көмек қажет кезде  қарап тұруға болмайды.  Мәселен, көз алдыңызда адам жүрек талмасына ұшыраса жылдам жүрек-өкпе реанимациясын жасау қажет. Қансырағанда жарасын таңып, екі аяғын көтересіз  және күретамырын байлап қанды тоқтату керек.

Райхан Мусина, «Астана» оқу-клиникалық орталығының директоры:

-Егер бірінші жарты сағатта  тез көмек көрсетілмесе, оның 90 пайызы сол жерде де өліп кетіп  жатады. Сондай жағдайдың куәгері болғанда қасында тұрған әрбір адам көмектесуі тиіс. Жүрек-өкпе реанимациясын не құрлым ерте бастаса, сол құрлым адамның өмірін де сақтап қала аласыздар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.