{metadescription}
​Астанада елден ерекше бағдаршам іске қосылды
​Астанада елден ерекше бағдаршам іске қосылды

​Астанада елден ерекше бағдаршам іске қосылды

Әкімдік қаладағы ең үлкен көшеге  түрлі түсті жарық беретін және жаяу жүрген адамға дыбыстап жөн сілтейтін жаңа бағдаршам орнатты.

Мұндай заманауи бағдаршам әсіресе түнде, көлік жүргізушілер мен  көзі көрмейтін адамдарға  өте ыңғайлы.  Ал бағдаршамды ұстап тұрған бағана күні-түні қызыл, жасыл түс болып жанып тұрғандықтан,  рөлде келе жатқандар жол бойындағы бағдаршамды өзге жарықпен шатастырып алмайды екен. Оның үстіне  ноу-хаудан соң  апат  азаяды деген сенім бар.  Жаңа бағдаршам әзірге сынақ ретінде шаһардағы қозғалысы көп Республика даңғылына  ғана орантылыпты. Тұрғындар қолдаса, шенеуніктер оның санын  көбейтпек.

Досымхан Қожбанов, автобус жүргізушісі:

-Бұл бізге де,  жаяу жүргіншілерге  ыңғайлы. Алыстан көпірден көтеріліп жатқанда бағдаршамның қай түсі жанып тұрғанын анық көресің.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде