Гавай аралдарында жанартаудың атқылауынан жүздеген адам баспанасыз қалды
Онда бірден тоғыз жанартау оянып, орманды жайпап өткен лава 30 үйді күл қылды.
Автор: Онда бірден тоғыз жанартау оянып, орманды жайпап өткен лава 30 үйді күл қылды
07.05.2018
Апат аймағынан екі мыңға жуық тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Өйткені жанартаудан әлі де улы газдар мен лава атқылауда. Ал қызыл жалынның күлі 45 шақырымға дейін көтерілген. Аталмыш архипелагта бірер күн бұрын 7 балдық жер сілкінісі болған еді. Салдарынан Килауэа жанартауы атқылап, Гавай тұрғындарының құтын қашыруда. Қазіргі таңда жергілікті билік, апат орнын толығымен бақылауда ұстап отыр. Әрі штаттың өртке қарсы қызметі де оқиғаны әуеден қадағалауда. Айта етейік, аралда мұндай ірі жер сілкінісі осыдан қырық үш жыл бұрын тіркелген еді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!