Путин ұлықтаудан соң Медведевті қайта премьерлікке ұсынды
Ал Ресейде қайта сайланған Владимир Путинді ұлықтау салтанаты өтті. Ол бүгін төртінші рет Ресей халқына ант беріп, мемлекет басшысы ретінде ресми түрде қызметіне кірісті.
07.05.2018
Ұлықтау рәсімі Кремльдегі Андреев залында өтті. Инаугурацияға Дума депутаттары, Үкімет мүшелері , барлық конфессия өкілдері мен мемлекет қайраткелерін қосқанда 5 мыңға жуық адам шақырылыпты. Конституцияға қолын қойған Путин әрбір азаматтың құқықтары , елінің тәуелсіздігі мен Конституциясын қорғауға ант етті. Осылайша, 18-мамырда өткен сайлауда 76 пайыздан астам дауысты жинаған Владимир Путин қызметіне ресми түрде кірісті. Енді ол 4 жыл емес, заңға жуырда енгізілген өзгертулерге сәйкес 6 жыл ел басқармақ. Артынша Дмитирий Медведьевпен бірге Үкімет мүшелері де отставкаға кетті. Бір аптаның ішінде Үкімет басшысы мен министрлер кабинетін президент Дума депутаттарымен бірге қайта жасақтауы тиіс.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!