{metadescription}
Павлодар облысында автобус басып өлтірген келіншектің туыстары полицияның сылбырлығына наразы
Павлодар облысында автобус басып өлтірген келіншектің туыстары полицияның сылбырлығына наразы

Павлодар облысында автобус басып өлтірген келіншектің туыстары полицияның сылбырлығына наразы

Павлодар облысында жол апатынан қаза тапқан әйелдің туыстары тергеу шараларының дұрыс жүргізілмей жатқанына наразы. Екібастұз тұрғыны Аманжол Рахметовтің айтуынша, жұбайы Сандуғаш Рахметованы биыл ақпанда осы қалада автобус қағып кеткен. Бас және дене жарақатын алған әйел ауруханада көз жұмыпты. Сөйтсе, жаяулар жолағымен өтпек болған оны кеншілерді таситын автобус жүргізушісі қағып өткен. Ал марқұмның туыстары күдіктінің  әлі күнге дейін адам тасып жүргенін түсіне алар емес. 

Аманжол Рахметов жұбайы Сандуғашпен 33 жыл отасқанын айтады. Ал биыл сәуірде 55 жасын атап өтуі тиіс болған Сандуғаш Рахметова ол күнге жетпей көз жұмған екен. Ауруханадағы жұмысына шыққан оны ақпанның 24-і күні автобус қағып кеткен.

-Жол-көлік оқиғасы мына екі көшенің қиылысында болған. 54 жастағы Сандуғаш Рахметова жұмысына бара жатқан екен. Оны жүргіншілер жолағы бойынша бір автобус өткізіп жіберсе, екіншісі қағып өткен. Соққының қатты болғаны сонша, әйел 20 метр жерге ұшып кеткен.

Бұдан соң жедел жәрдеммен аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген әйелге ауруханадағы әріптестері ота жасаған. Бірақ басы жарылып, дене мүшелері қатты зақымдалған оны ажалдан құтқарып қалу мүмкін болмапты. Қайғыдан қан жұтқан отбасы үш ай бұрын болған жол апатына қатысты істің о бастан дұрыс жүргізілмей жатқанын айтады. Өйткені оқиға орын алған аумақта полицейлер арнайы сызбаны да жасамаған. Осы жөнінде сотқа арызданғандарымен тергеушілерден әлі күнге дейін хабар жоқ көрінеді.

Руслан Рахметов, марқұм С.Рахметованың ұлы:

- Кестеде анамның  жатқан жерін түсірмеген. Сот арқылы қаулы шығартып 3 күннің ішінде кестені қайта жасау керек еді. Істеген жоқ әлі. Бүгін менің анамды қағып кетті, ертең тағы бір кісіні басып кетеді. Онан кейін тағы кісі өлтірді ғой, қалай ол жайдан жай жүре береді?

Марқұмның туыстары кеншілерді таситын автобус жүргізушісінің бастапқыда кешірім сұрап келгенін айтады. Бірақ, кейін ол мұнысынан айнып қалыпты. Ал жүргізушінің үстінен қылмыстық іс қозғаған полицейлер жаяу жүргіншінің өзі жол ережесін бұзған деп отыр.

Баян Мағзұмова, Павлодар облысы ІІД баспасөз хатшысы:

-Бейнежазба бойынша әйел адам жолда бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен. Сондықтан сот сараптамалар тағайындалды. Оның ішінде сот автотехникалық сараптама да бар. Көлік жүргізушісі қазіргі кезде күдікті ретінде табылады. Одан ешқайда шықпау жөнінде қолхат алынған.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, қосымша сараптамалардың тағайындалуына байланысты тергеу амалдары ұзартылған. Ал кісі қаққан автобус жүргізушісінің өзімен хабарласу мүмкін болмады. Десе де, оның әлі де кеншілерді тасып, нәпақасын тауып жүргені анықталған. Адвокат жалдаған зардап шегуші тарап болса күдіктіге соттың қатаң жазаға кесуін сұраймыз деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде