{metadescription}
Қызылжар жұрты  Қарасай мен Ағынтай батырды ұлықтады
Қызылжар жұрты  Қарасай мен Ағынтай батырды ұлықтады

Қызылжар жұрты Қарасай мен Ағынтай батырды ұлықтады

Отан қорғаушылар күні Петропавлда да кеңінен аталып өтті. Соғыс және еңбек ардагерлері, өңір зиялылары мен  жастары облыс орталығындағы Қарасай және Ағынтай батырлардың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, олардың қазақ жерін жоңғарлардан азат еткен ерлігін тағы бір еске алды.

Тарихқа сүйенсек, Жетісу жерінде туған қос батыр  жоңғарлармен  Көкшетау үшін болған шайқаста қаза тапқан. Есім ханның қоластында шайқасқан оларға қазіргі Солтүстік Қазақстан облысындағы Айыртау ауданының топырағы бұйырыпты. Ол жерде батырларға арналған  үлкен мемориал тұрғызылған. Ал облыс орталығындағы Қарасай мен Ағынтайдың достығын бейнелейтін ескерткіш бірнеше жыл бұрын  ашылды. Бүгін соның алдына жиналған соғыс және еңбек ардагерлері батырларды жастарға үлгі етті. 

Ғалымбек Ғайсин, еңбек ардагері:

-Егер де өзіміздің азаматтарымызға жақсылық жасамасақ, біз басқа елдің азаматтарын  асырайтын боламыз.  Сондықтан біздің бар мақсатымыз - соларға  жақсылық жасау. Жігіттеріміздің елімізді қорғайтынына сеніміміз түгел.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде