АҚШ пен Иран арасындағы жағдай ушығып барады
АҚШ президенті Дональд Трамптың атышулы мәлімдемесі халықаралық жанжалды одан сайын ушықтыруы мүмкін.
Автор: Мақсат Мәлік
10.05.2018
Себебі, АҚШ-тың Иранмен арадағы ядролық келісімнен шығатынын жария еткен Ақ үй басшысы, Иранға қарсы санкцияны күшейтемін деді. Тіпті, Ақ үйдің шешімін Израиль, Сауд Арабиясы және Біріккен Араб әмірлігі қызу қолдап отыр.
2015 жылы жасалған бұл келісімде ресми Тегеран ядролық қару бағдарламасын шектесе, халықаралық санкциялар тізбегі сирейтіні жазылған еді. Оған АҚШ-тан өзге 5 мемлекет қол қойған болатын. Бірақ, Дональд Трамп бұл келісімді жарамсыз деп, қайта қаһарына мінді. Алайда, Еуроодақ пен әлемнің бірқатар жетекші елдері Иранмен арадағы келісімнің сақталатынын жеткізді. МАГАТЭ тарапы да Тегеранның ядролық бағдарламаға қатысты міндеттерін толықтай орындап келгенін айтуда. Ал, шулы мәлімдеме шығысымен Израиль Сириядағы ирандық әскер орналасқан аймақты зымыранмен атқылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!